Жарияланды: 22.03.2025

0

22 наурызда Наурыз мейрамына орай ауданның мәдениет мекемелері мен басқа да ұйымдарының қызметкерлері Әйет ауылының тұрғындары үшін орталық алаңдағы киіз үй қалашығында этнографиялық мереке ұйымдастырды.
Әр киіз үйдің өз атауы болды. Біздің киіз үй ұлы жазушы, ақын және драматург Бейімбет Майлин құрметіне аталды.
Кіре берістегі қонақтарды “Экзерсис” би ұжымы мен домбырашылар қарсы алып, мереке атмосферасын құрды. Киіз үйдің ішінде оларға дәстүрлі қазақ тағамдары-Наурыздың басты символдық тағамы- Наурыз көже және хош иісті бауырсақтар ұсынылды.
Қонақтар үшін театрландырылған көріністер дайындалды:
Бейімбет Майлиннің балалық шағындағы эпизод, жазушы дастархан басында отырып, өз шығармасын оқыған сәт, оның әйгілі “Шұғаның белгісі”пьесасынан үзінді инсталляциясы көрсетілді.
Көшпелі өмір салты кезінде белсенді пайдаланылған және бүгінгі таңда өзектілігін сақтайтын қазақ халқының тұрмыстық заттары келушілердің ерекше назарын аударды. Экспонаттарға табақ, самаурын, сойыл, теркеш, саптаяқ, шоқпар, ожау, көрпе және басқалары кірді. Бұл дәстүрлі заттар киіз үйдің жайлылығы мен шынайылығын қалыптастыруға көмектесті.
Сонымен қатар, келушілер үшін өлкетану музейі мен аудандық орталықтандырылған кітапхананың уйымдастырылуымен тақырыптық фотоаймақ ұсынылды.

Поделиться материалом