Ағымдағы жылдың 16 қазанында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі С. Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің қабырғасында тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына арналған «Қазақстан Республикасы – менің Отаным» атты жылжымалы фотоқұжаттық көрме ұйымдастырды.
Көрме аясында оқушылар ел тарихының маңызды кезеңдерімен – Мемлекеттік суверенитет туралы Декларацияны қабылдаудан бастап Қазақстан Республикасының қазіргі жетістіктеріне дейін танысты. Усынылған фотосуреттер мемлекеттің дамуын, оның мәдени және рухани мұрасын, сондай-ақ елорданың көрікті жерлері мен сәулет объектілерін көрсетті.
Көрме патриотизмге тәрбиелеуге, Қазақстанның тарихы мен мемлекеттік нышандарына құрмет қалыптастыруға, сондай-ақ туған елге деген мақтаныш сезімін нығайтуға бағытталған.