Музей тарихы

Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының «Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі» КММ

«Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1990 жылы 26 желтоқсанда, аудандық мәдениет бөлімінің «Б. Майлин атындағы Таран тарихи – өлкетану мұражайды ашу туралы» № 190 бұйрығымен құрылды.

Таран тарихи-өлкетану музейінің құрылысы 1987 жылы басталды. Музейді құрудың бастамашысы болып біздің жерлесіміз, Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Иванович Дьячков болды. Сол жылдары ол Рудный қалалық музейін басқарды. Иван Иванович аудан басшыларына музейді құру туралы өтілімен барады, өйткені аудан қызықты материалдарға бай және көптеген аттары атақты адамдарымен даңқты. Олардың өмірі мен қызметі біздің өлкемізбен байланысты. Музейдің құрылуына үлкен үлес қосқандар: бірінші музей директоры – Т. И. Соловьева, аудандық комитет партиясының бірінші хатшысы – Н. В. Стешин, аудандық комитет партиясының хатшысы – Т.Е. Нұрахметов, аудандық кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары – Мильшин В.М., аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі – Г.А. Нуржанова, және де совхоздар мен аудан ұйымдары.

Алғаш келушілерін музей 18 мамыр 1991 жылы қабылдады, директоры болып Тамара Ивановна Соловьева болып тағайындалды, бірінші қызметкерлері болып: Л. В. Дьякова, Ж. С. Жандыров, Б. А. Сулькеева, В. П.Вирц және көркемдеуші суретшілер Д. Ж. Исетов және В. Н.Руднев болды.

Музей экспозициясын жасауда қалалық музей қызметкерлері, облыстық және Лисаковск филиалының облыстық мұрағаты, және де біздің аудан тұрғындары мен оқушылар орасан зор көмек көрсетті.

Музей қызметі барысында сегіз мыңнан астам сақтау бірлігі, сонымен қатар тас дәуіріндегі тоғыз мыңнан астам заттардан тұратын археологиялық коллекция жиналды. Музей қорларында Таран ауданының және қазіргі Бейімбет Майлин ауданының тарихы туралы мәліметтер, ауылдық округтер туралы мәліметтер, соғыс ардагерлері, қарт адамдар туралы естеліктері сақтаулы.

Қазіргі уақытта музейдің жаңа құрамы жұмыс істейді: С.A. Рудик, Ш.К. Мальцева, А.С. Ерғазиева, В.А. Лукаш, А.Б.Аскарова, Е.В. Граф өз қызметінде ғылыми-зерттеу, бұқаралық, жинау және көрме жұмыстарын жүргізеді. Өлкедегі ұлы және атаулы батырлардың, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, алғашқы тың игерушілердің, ақындардың, суретшілердің, Ауған соғысы ардагерлерінің және ауданның басқа да белгілі тұлғаларының өмірі мен қызметі туралы құжаттарды анықтайды.

Байланыс мәліметтері:

Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының «Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі» КММ

Басшы: Рудик Светлана Алексеевна

Мекен жайы: Қостанай облысы,  Бейімбет Майлин ауданы, Әйет а.,  Тәуелсіздік көшесі, 62 үй.

Телефон: 8 (71436) 3-61-21

Сайт: http://taran-musey.kz/

Instagram: https://www.instagram.com/musey.im.b.maylina/?hl=ru

Одноклассники: https://ok.ru/muzey.maylina

Facebook: https://www.facebook.com/muzey.maylina

Youtube: https://www.youtube.com/channel/UC-7t9i3fWwISONK_RZsmaoQ?view_as=subscriber

E-mail: musey.maylina@mail.kz

Поделиться материалом

Келушілер

Онлайн келушілер – 2844
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 2844
Барлық келушілер – 0