Музей туралы

Ғимарат бөлек, титік, бірақ арнайы музейй үшін салынды. Музей экспозициялық залдан, көрме бөлмесінен, фойеден, қызметкерлер үшін кабинеттерден және қор бөлмесінен құралған.

Музейдің жалпы көлемі 349,8 кв. м., негізгі 317,2 кв. м., әкімшілік 24,2 кв. м., қор 13,3 кв. м.

2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мұзейй қорында 8629 сақтау орны бар.
Ең үлкен коллекция археологиялық:Саз II, б.з.б. 4 мыңжылдық, тас дәуіріндегі Андронов 
мәдениеті әлемінің заттарынан тұрады.

Музей қорында өлкеміздің тарихы туралы мәліметтерге, селолық округтар туралы мағлұматтарға, соғысқа қатысушылардың, байырғы тұрғындардың естеліктеріне және Б.Майлинді қамауға алу туралы мұрағат құжаттарына, Е.Өмірзақовтың өмірі мен қызметі туралы фото суреттеріне және басқа да Б.Майлин жерінің тарихымен байланысты материалдарға көңіл аударылған.

Музей экспозициясы келесі стационарлық бөлімдерден тұрады:

  • Б. Майлин ауданының археологиялық табыстары.
  • Жануарлар мен өсімдіктер әлемі.
  • Киіз үйінің ішкі көрінісі.
  • ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басы қоныс аударушылар үйінің ішкі көрінісі.
  • Бір шаңырақ астында (өлке халықтары туралы).
  • Б.Майлиннің мәңгі мұрасы.
  • Өшпес жеңіс, өшпес оның солдаттары (соғыс ардагерлеріне арналған).
  • Алғаш тың игерушілер шатырының ішкі көрінісі.
  • Тәуелсіз Қазақстан;
  • Көрме залы.
Поделиться материалом

Келушілер

Онлайн келушілер – 2832
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 2832
Барлық келушілер – 0