27.06.2022 11:28

Жарияланды: 06.05.2022

0

6 мамырдағы б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері аудандық ардагерлер кеңесі базасында ҰОС ардагері В.А. Аксененконың туған күніне арналған «Өткен жылдар тірі естелік» жылжымалы фотоқұжаттық көрмесін ұсынды.

Көрме аясында Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ұрыс қимылдарына қатысушының фотосуреттері, құжаттық қатарлар, марапаттау куәліктері және тағы басқалары ұсынылды.

Аксененко Василий Антонович Қиыр Шығыста 15 жеке құрылыс батальонында политруктың орынбасары қызметін атқарды. ІІ Украин майданының Яссо-Кишинев операциясына қатысып, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Австрия аумақтарын азат етті және Германияның Дрезден қаласына дейін жетті. 1945 жылдың қараша айында әскерден қайтарылды. Бейбіт уақытта Таран аудандық байланыс торабында жұмыс істеді. Өмірінің соңғы күндеріне дейін ауыл мен ауданның қоғамдық өміріне тікелей қатысып, белсенділік танытты.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 202
Пайдаланушылар – 1
Қонақтар – 201
Барлық келушілер – 0