Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында кітапхана қабырғасында мәдениет қызметкерлеріне арналған “ Киелі Қазақстан: Отанымыздың қасиетті орындары “атты музейі сабағы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның мақсаты Қазақстан ғалымдары далалық – этнографиялық экспедициялар барысында анықтаған және киелі орындардың республикалық тізіліміне енген Қостанай облысының тарихи ескерткіштері мен қасиетті орындарын танымал ету болды.
Іс-шара барысында “Қазақстанның киелі географиясы“ жобасы ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатыны туралы толық түсінік берілді. Сондай-ақ, Республикалық маңызы бар тізілімге енген 34 киелі объект және өңірлік тізілімге енген 24 киелі объект туралы егжей-тегжейлі айтылды. Іс-шара соңында шақырылғандармен диалог өтті, олар Қазақстанның киелі жерлері туралы өз әсерлерімен және білімдерімен бөлісті.
Leave a Reply