18.05.2024 18:59

Жарияланды: 18.03.2022

0

18 наурыз күні Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің онлайн-келушілері үшін орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы Гүлнұр Ералиева “Ұлттық қол өнер – тәрбие көзі” тақырыбында қазақ ұлттық ою-өрнек элементтерін пайдалана отырып, сәндік жастықтарды дайындау процесін көрсетті.

Бұл шеберлік сабағының мақсаты: қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрімен, тұрмыстық бұйымдарды жасау технологиясымен және «текемет», «түскиіз», «көрпе», «сырмақ» ұғымдарымен таныстыру.

Айта кетерлігі, қазақтың ұлттық жастықтары әр үйде міндетті атрибут болып табылады. Әрқашан дерлік жастық ою-өрнегі көрпе оюымен үйлеседі, ол бірге әрқашан үйлесімді көрінеді. Қыздарға арналған мұндай жиынтықтарды қыз жасауы ретінде дайындау, сондай-ақ жақын адамдарға үйдегі жайлылық пен жылулық символы ретінде береді.

Мастер-класс сілтемесі: https://youtu.be/PA_xUIl4OAU

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 874
Пайдаланушылар – 2
Қонақтар – 872
Барлық келушілер – 0