08.09.2024 06:37

Музейдің функциялары

Тарихи-өлкетану музейдың негізгі міндеті – қоғамға қызмет ету, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын толықтыру және сақталуын қамтамасыз ету.

 

Музей қызметінің негізгі түрі – қорды іріктеу; өлке тарихымен байланысты материалдарды оқып білу; экспозицияларды құру, музей жәдігерлерін анықтау, жинау және оларды насихаттауға байланысты зерттеу; ғылыми-ағартушылық жұмысты ұйымдастыру, өлке мәдениеті мен тарихты насихаттау, жалпы білім беретін мектептерге методикалық көмек көрсету; экспозицияларды және көрмелерді құру; ақылы қызмет көрсету.

Ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмысы

Өлкетану тақырыптары бойынша материалдар жинау: «Қазақстанға халықтың жер аударуы», «Б.Майлиннің шығармашылық жолы», «Таран жерінің атақты адамдары», және басқа. Көшпелі экспедициялар мен халықпен тікелей жұмыс жасау кезінде, заңды және жеке тұлғалардан сатып алу жолымен (мысалы: көркем шығарма суреттер, қолданбалы өнер, қазақ халқының әшекей бұйымдары) және азаматтардан музейғе тегін сый тапсыру (мысалы: наградалар, құжаттар, фото суреттер, жеке заттар) арқылы музей қоры экспонаттармен толықтырылды.

Келіп түскен материал мазмұндалып, жүйеге келтіріледі және келешекте ғылыми мақсаттарда, ағартушылық қызметтерде және музей көрмелері мен экспозицияларында көрсетіліп қолданылуы үшін сақталады.

Экспозициялық- көрме жұмыстары

Қор коллекциясы негізінде музей көрме жұмысымен айналысады, әр түрлі тақырыптарға бағытталған: этнографиялық, тарихи және басқа тақырыптарға көрме дайындайды.

Мәдени-ағарту қызмет

Музей жұмысындағы ең басты бағыттардың бірі көпшілік жұмысқа бөлінеді, өйткені қазіргі уақытта мұражай тек ғылыми ғана емес, сонымен қатар бос уақыт өткізу орталығы болып табылады. Музей келушілерге әр түрлі жұмыс түрін – экскурсиялар, дәрістер, сұхбаттар, слайдды-фильмдер, жарыстар, викториналар, музейлық сабақтар, танымдық сағаттар, мерекелік және дәстүрлі мұражай аралық мерекелік кештер ұсынады.

Поделиться материалом

Келушілер

Онлайн келушілер – 175
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 175
Барлық келушілер – 0