Жарияланды: 16.12.2018

0

Малтабаров Серікбай Шаймерденұлы 1942 жылы 15 қарашада Қостанай облысы Таран ауданы Мыңатыз ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1962 жылы Қостанай облысы Амангелді ауданының “Бүйректал” совхозында жүргізуші болып бастаған. 1968 жылы Нелюбинск ауылдық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1979 жылы “Знамя Советов” совхозының партком хатшысы болып сайланады. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін халық судьясы болып жұмыс істейді, 1984 жылдан бастап Таран ауданы халық сотының төрағасы. Одан әрі әр жылдары Жетіқара, Лисаков, Қарабалық халық соттарында жұмыс істеді. Оның жұмыс істеген кезеңінде сот ұжымдары қылмыстық және азаматтық істердің сапасы бойынша облыста бірінші орындардың бірін иеленді. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен отставкаға кетуіне байланысты босатылды.

“Халықтар Достығы” орденімен,” Ерен еңбегі үшін”,” Еңбектегі ерлігі үшін”,”Еңбек ардагері” медальдарымен, 1975, 1976, 1977 жылдардағы” Социалистік жарыстың жеңімпазы “Белгісімен және тың жерлерді игерудің 20 жылдығына арналған төсбелгімен марапатталған.

 

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 2838
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 2838
Барлық келушілер – 0