Жарияланды: 06.11.2026

0

Ағымдағы жылдың 6 қарашасында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде Б. Майлин атындағы мектептің оқушылары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне арналған «Теңге – тәуелсіздік нышаны» атты іскерлік ойын ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар теңгенің шығу тарихымен, алғашқы банкноттар мен монеталардың ерекшеліктерімен, сондай-ақ оның ел тәуелсіздігінің нышаны ретіндегі маңызымен танысты. Ойын бөлiмiнде балалар топтарға бөлініп, викторина сұрақтарына жауап берді, жұмбақтар шешті, логикалық тапсырмаларды орындады және қаржылық ұғымдарды білуге арналған тапсырмаларды шешті. Айлық бюджетті бөлу және басым шығыстарды айқындау бойынша практикалық тапсырмаға ерекше көңіл бөлінді.

Іс-шара қаржылық сауаттылықты, логикалық ойлауды және шығыстарды ұтымды жоспарлау дағдыларын дамытуға ықпал етті. Оқушылар ұлттық валюта туралы және жеке қаржыға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы білімдерін нығайтты.

Поделиться материалом