Жарияланды: 24.05.2022

0

Кривоногова Екатерина Бруновна 1938 жылы Қырым АКСР-де дүниеге келген. 1942 жылы отбасымен Қазақстанға жер аударылып, арнайы қоныс ретінде есепке алынды. 1956 жылға дейін есепте тұрды. 8-жылдық мектепті бітіргеннен кейін тоқымада, егіншілікте жұмыс істеді.

1964 жылы Орынбор қ. № 18 ГПТУ кешкі ауысым бөлімінің 6 айлық курсын бітірді. Курсты аяқтағаннан кейін Орынбор облысы Домбаров ауданындағы комбинатта пішуші болып жұмыс істеді. Сол жерде тұрмысқа шығып, жұбайымен Челябі облысының Копейск қаласына көшіп, екі бала туды.

1968 жылы Семиозер ауданының Юльевка ауылына («Сұлукөл» ауылы) оралды. 7 жыл балабақшада күтуші, содан кейін совхоз асханасында аспаз, содан кейін автопаркте техник болып жұмыс істеді.

Зейнеткерлік жасқа жеткенде құрметті демалысқа 1993 жылы шықты.

2012 жылы Таран ауданының Майское ауылына көшіп келді.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 11228
Пайдаланушылар – 5
Қонақтар – 11223
Барлық келушілер – 0