Жарияланды: 17.11.2020

0

Ищенко Константин Никонович 1917 жылы 15 мамырда Таран ауданы Щербиновка ауылында дүниеге келген. 1937 жылдың сәуірінен бастап Викторовка МТС-да жұмыс істеді. 1938 жылы 1 қазанда Қызыл Армия қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысы майданына соғыстың алғашқы айларында шақырылды. Жеңіс күніне дейін 177-ші артиллериялық полк құрамында соғысқан, Смоленск, Калуга, Луцк үшін шайқастарға қатысқан, Мәскеуді қорғаған, Праганы азат етуге қатысқан. Жеңісті Германияда қарсы алды. 1945 жылы 20 желтоқсанда аға сержант атағымен әскерден қайтарылды. II-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған, “Еңбек ардагері” және бес мерейтойлық медалі бар. Соғыстан кейін Аят геологиялық барлау экспедициясында электр станциясының моторшысы, кейін автослесарь, жүргізуші болып жұмыс істеді. Жұбайымен бірге 41 жыл тұрып, төрт бала тәрбиелеп, бес немересі бар. 1987 жылы 4 қарашада қайтыс болды.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 22965
Пайдаланушылар – 6
Қонақтар – 22959
Барлық келушілер – 0