Жарияланды: 16.12.2018

0

Ержанов Семенбай Ержанұлы 1924 жылы 5 қазанда Денисов ауданы Симоновка ауылында дүниеге келген. 1941 жылы Викторовка МТС тракторшылар курсын бітірді. 1942 жылы әскерге шақырылған. 1956 жылы Хрущевке жазған хатынан кейін отбасымен бірге тыңға келді. 1962 жылы “Знамя Советов” совхозының партия комитетінің хатшысы болып тағайындалды. 1972 жылдың тамыз айында Қостанай облысы комсомол аудандық комитетінің екінші хатшысы болып тағайындалды. 1973 жылы Таран аудандық атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Аудан басшылығы жылдарында көп жұмыс атқарылды: су құбыры, қуатты қазандық салынды, табиғи газ жүргізілді, Таран ауылында спорт залы, СПТУ-21, қонақ үй, дәріхана, Тобыл және аудан орталығында милиция ғимараты, байланыс торабы, Новоильиновка ауылында Тобыл өзені арқылы өтетін көпір, 18 пәтерлі тұрғын үйі бар Тобыл кенттік мектебі салынды. Бірнеше рет аудандық және облыстық Кеңестің депутаты болып сайланды. Таран ауылын абаттандыру бойынша жүргізілген үлкен ұйымдастырушылық жұмысы үшін ауылдық кеңестің Атқарушы комитеті Семенбай Ержанұлына Таран ауылының бірінші құрметті азаматы атағын берді. 1990 жылдың мамыр айында Семенбай Ержанов Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатысып, М.Горбачев С. Е. Ержановқа атаулы сағатын табыс етті.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 16155
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 16155
Барлық келушілер – 0