Жарияланды: 30.09.2025

0

Б. Майлин атындағы тарих және өлкетану музейінде ауыл жастарына арналған «Ауыл еңбегі – соқадан комбайнға дейін» атты тақырыптық экскурсия өтті. Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында қатысушылар халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге және шикізат алуға бағытталған ауылшаруашылық еңбегінің тарихымен танысты.

Музей қорының көрмесінде крестьян тұрмысына және егіншілікке қатысты еңбек құралдары ұсынылды – ағаш соқалар мен арбалардан бастап алғашқы механикаландырылған агрегаттарға дейін. Экскурсияда жастарға диқаншылардың қиын да құрметті еңбегі, олардың тұрмысы мен құралдарының уақыт өте қалай өзгергені туралы әңгімеленді.

Жастардың ерекше қызығушылығын шынайы экспонаттар тудырды: соқа, тырма, ағаш пен темірден жасалған арба дөңгелектері, ХХ ғасырдың басына жататын ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмыс заттары. Экскурсия келушілерге өткен дәуірдің атмосферасына еніп, ауыл еңбегінің кезең-кезеңімен қалай дамығанын өз көздерімен көруге мүмкіндік берді.

Поделиться материалом