Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған “Тарихқа тактильді сезімдермен сүңгу” атты ерекше экскурсия өтті.
Келушілер экспонаттармен тек көзбен ғана емес, сонымен қатар тактильді түрде таныса алды-көне заттарға қол тигізіп, олардың құрылымы мен пішінін сезінді. Әр экспозицияда қатысушыларды туған өлкенің тарихын жақсы түсінуге және сезінуге көмектесетін қызықты тапсырмалар күтіп тұрды.
Бұл формат мәдени ортаны барлығына қол жетімді етеді және барлығына өткенге өз қолдарымен қол тигізуге мүмкіндік береді.