Жарияланды: 25.12.2023

0

Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында С.Ерғалиев атындағы орта мектептің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушілері мен 3-сынып оқушылары үшін музей қызметкерлері «Ұлттық киім – менің халқымның мұрасы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Бұл шараның мақсаты оқушыларды ұлттық киімдермен таныстыру; өңіріміздегі халықтардың салт-дәстүріне, тарихына және мәдениетіне жүгінуге мүмкіндік беру; Отанымыздың өткен бай тарихын есте сақтау, өскелең ұрпаққа халық мәдениеті – біздің байлығымыз, құндылығымыз екенін ұғындыру. Бұл іс-шара барысында оқушылар Қазақстанның әртүрлі халықтарының ұлттық киімдерінің ерекшеліктерімен, элементтерімен және пайда болу тарихымен танысты.   Балаларға ұлттық киімдер мен қазақтың ұлттық ою-өрнегі туралы презентациялар мен бейнероликтер ұсынылды. Оқушылар сұрақтарға жауап берді, жұмбақтар шешті, жұмбақтарды құрастырды, сонымен қатар дидактикалық ойындар ойнады: «Ұлттық киімдердің дұрыс элементтерін тап». Ұлттық киім – кез келген халықтың мәдениетінің ажырамас бөлігі. Бұл жай ғана киім емес, тұтас бір халықты да, жеке адамды да айта алатын үлкен әңгіме. Ал оны дәстүр сияқты қорғау керек.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 14460
Пайдаланушылар – 6
Қонақтар – 14454
Барлық келушілер – 0