Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында С.Ерғалиев атындағы орта мектептің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушілері мен 3-сынып оқушылары үшін музей қызметкерлері «Ұлттық киім – менің халқымның мұрасы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Бұл шараның мақсаты оқушыларды ұлттық киімдермен таныстыру; өңіріміздегі халықтардың салт-дәстүріне, тарихына және мәдениетіне жүгінуге мүмкіндік беру; Отанымыздың өткен бай тарихын есте сақтау, өскелең ұрпаққа халық мәдениеті – біздің байлығымыз, құндылығымыз екенін ұғындыру. Бұл іс-шара барысында оқушылар Қазақстанның әртүрлі халықтарының ұлттық киімдерінің ерекшеліктерімен, элементтерімен және пайда болу тарихымен танысты. Балаларға ұлттық киімдер мен қазақтың ұлттық ою-өрнегі туралы презентациялар мен бейнероликтер ұсынылды. Оқушылар сұрақтарға жауап берді, жұмбақтар шешті, жұмбақтарды құрастырды, сонымен қатар дидактикалық ойындар ойнады: «Ұлттық киімдердің дұрыс элементтерін тап». Ұлттық киім – кез келген халықтың мәдениетінің ажырамас бөлігі. Бұл жай ғана киім емес, тұтас бір халықты да, жеке адамды да айта алатын үлкен әңгіме. Ал оны дәстүр сияқты қорғау керек.
Leave a Reply