Жарияланды: 01.09.2023

0

Қазақстан Республикасының президенті, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1-қыркүйек күні “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына жолдау жасады.

Жолдауда экономиканы дамытып халықты жұмыспен қамтамасыз етуге септігін тигізетін бағыттар- медиа,кино,музыка,дизайн,білім беру, ақпараттық технология сияқты жаңашыл салаларға айрықша назар аударып өтті.

Қазіргі таңда халықтың көп бөлігі  шығармашылық әлеуетіне, зияткерлік  капиталына арқа сүйейтін «креативті өндіріс» салалары шынайы инклюзивті экономиканы дамытудың қайнар көзі саналады. Бұл аз болса, креативті экономика дарынды шығармашыл адамдардың өзі тұратын,өзіне ұнайтын қалалардың дамуына үлкен әсерін тигізуде. Қазақстанда бұл салалар дамымағандықтан үлесі бір пайызға да жетпейді. Бұл өте төмен көрсеткіш. Дегенмен дарыны арқылы әлемді аузына қаратып жүрген қазақстандықтар аз емес.

Зияткерлік меншік дегеніміз материалдық технология сияқты мүлік. Қазақстандағы креативті индустрияның орталықтары 3 қалада ғана (Астана,Алматы,Шымкент),қалған өңірлер назардан тыс қалып отыр. Креативті адамдардың өнімдерін комерцияландыру орталықтарын республиканың барлық облыстарында болуын қадағалап, дамыту керек. Және зияткерлік меншікті қорғау құқығын әзірлеуге тиістіміз.

Мемлекет басшысының жолдауында айтылған креативті эконимканың дамуына, зиткерлік меншік иелерін қолдауға ат салысу үшін ел болып жұмылып, мемлекетіміздің өркендеуіне зор үлес қосуымыз керек. Сонда ғана болашақтың көркеюіне кәміл сеніммен қарай аламыз. Әрі шығармашыл жастардың дарынын шыңдап. Бәсекеге қабілетті мемлекет болуға ұмтыла аламыз. Бұл Отан алдындағы ,ұрпақ алдындағы баршамыздың жасауға тиісті міндетіміз деп білейік.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 14257
Пайдаланушылар – 1
Қонақтар – 14256
Барлық келушілер – 0