Жарияланды: 31.05.2023

0

Ағымдағы жылдың 31 мамырында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай тарихи-өлкетану музейінің қабырғасында «Барлығын атымен атағым келеді» атты фотоқұжатты көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмемен Бейімбет Майлы ауданы ПЧ-16 мекемесінің қызметкерлері танысты.

Көрмеде 1937 жылы басталған Үлкен террор бүкіл елді шарпыған кезде 1930 жылдардағы жаппай қуғын-сүргіннен аяусыз бөлінген отбасылар туралы фотоматериалдар ұсынылған. 1937-1938 жылдары ондаған мың адам қуғын-сүргінге ұшырады, олардың көбі атылды. Өз халқының өркендеуін армандаған, өз елінің игілігі үшін адал жұмыс істеген адамдар «халық жауы» деп аталды, «Отанға опасыздық жасады» деп айыпталып, ең жоғары жазаға кесілді.

Көрмеге Б.Майлин атындағы музей қорындағы сақтаулы материалдар қойылған.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 17772
Пайдаланушылар – 6
Қонақтар – 17766
Барлық келушілер – 0