Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі вандализмнің алдын алуға және тарихи-мәдени мұра объектілеріне ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған «Тарихи мұраны сақтайық!» тақырыбында нұсқаулық өткізді. Шара барысында қатысушыларға ескерткіштер аумағындағы өзін-өзі ұстау ережелері, олардың сыртқы келбетін сақтау қажеттілігі және мәдени мұра объектілерінің зақымдануына немесе жойылуына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерге жол берілмейтіндігі түсіндірілді.
Тарихи ескерткіштерді сақтау жауапкершілігіне және оларға барған кезде белгіленген талаптарды сақтауға ерекше назар аударылды. Нұсқаулық соңында қатысушыларға ескерткіштерді қорғау ережелері мен оларды бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары қысқаша баяндалған ақпараттық кітапшалар таратылды.