Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде Б. Майлин атындағы мектептің балаларды сауықтыру алаңына баратын балалар үшін Қазақстан Республикасының Астана күніне арналған «Астана – елдің мерейі» атты видео-круиз өтті.
Іс-шара барысында балалар Астананың қалыптасу тарихымен танысып, елорда дамуының негізгі кезеңдері, оның атауының өзгеруі, сондай-ақ қаланың тәуелсіз Қазақстанның саяси, мәдени және экономикалық орталығы ретіндегі маңызы туралы білді. Бас қаланың рәміздеріне, оның сәулеттік көрікті жерлеріне және қаланың дамуымен байланысты тарихи деректерге ерекше назар аударылды.
Іс-шара аясында Астана туралы видеоролик көрсетілді, бұл балаларға қазіргі заманғы елордаға виртуалды саяхат жасауға, оның зәулім де танымал нысандарын көруге және әлемдегі ең жас әрі қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірінің бірегей келбетімен танысуға мүмкіндік берді.
Осындай іс-шараларды өткізу Қазақстан Республикасының тарихы мен қазіргі дамуы туралы білімді кеңейтуге, патриоттық сезімді, ұлттық құндылықтарға деген құрметті және еліміздің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.