Жарияланды: 30.06.2026

0

Қазақстан Республикасының Елорда күні қарсаңында, ағымдағы жылдың 30 маусымында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік келбеті» атты фотоқұжаттық көрме өтті.

Көрмеге еліміздің бас қаласы – Астана қаласының қалыптасуы мен даму тарихын сипаттайтын 20-ға жуық фотосурет қойылды.

Бұл көрме келушілерді елорда дамуының негізгі кезеңдерімен, оның бірегей сәулеттік бейнесімен, маңызды мемлекеттік оқиғалармен және заманауи жетістіктерімен таныстырады.

Астана — Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік, экономикалық, ғылыми және мәдени орталығы, мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен серпінді дамуының символы. Өз тарихында елорда ұлттық дәстүрлер, инновациялық технологиялар мен озық сәулеттік шешімдер үйлесім тапқан заманауи мегаполиске айналды.

Фотоқұжаттық көрме отансүйгіштік сезімді тәрбиелеуге, ел тарихына деген құрметті арттыруға және тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне деген мақтаныш ұялатуға септігін тигізеді.

Поделиться материалом