Жарияланды: 11.06.2026

0

            Ағымдағы жылдың 11 маусымында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде С. Ерғалиев атындағы мектептің жазғы сауықтыру алаңының оқушылары үшін Бейімбет Майлин ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай «Бейімбет Майлин ауданы: өткені, бүгіні, келешегі» атты лекция өткізілді.

         Лекция барысында балалар ауданның құрылу тарихымен, оның дамуының негізгі кезеңдерімен танысып, алғашқы колхоздар, білім беру және медициналық мекемелердің ашылуы, сондай-ақ теміржол құрылысы туралы білді. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аудан тұрғындарының ерліктеріне ерекше назар аударылды. Балаларға жерлестеріміз Сейітхан Темірбаев пен Даңқ орденінің толық кавалері Василий Иванович Пипчуқтың ерлік жолы туралы айтылды.

         Сондай-ақ оқушылар Бейімбет Майлин ауданының қазіргі жетістіктері, ауыл шаруашылығының дамуы, заманауи технологиялардың енгізілуі және ауданды одан әрі дамытудың перспективалары туралы білді.

         Лекция соңында викторина өткізіліп, оның барысында балалар ауданның маңызды оқиғалары мен көрнекті тұлғаларына қатысты сұрақтарға жауап бере отырып, туған өлкенің тарихы бойынша өз білімдерін тексере алды.

Поделиться материалом