Жарияланды: 01.06.2026

0

            Ағымдағы жылдың 1 маусымында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған «Менің балалық шағымның ойыншықтары» атты балалар ойыншықтарының заттық көрмесі ұйымдастырылды.

         Көрмеге әртүрлі ұрпақтың ойыншықтары, сондай-ақ балалардың үйдегі, балабақшадағы және мектептегі күнделікті өмірінде серік болған заттар қойылған. Экспонаттар балалық шақ әлемінің ерекше атмосферасы мен қайталанбас тартымдылығын сақтай отырып, оның ондаған жылдар бойы қалай өзгергенін бақылауға мүмкіндік береді.

         Ересек келушілер үшін бұл көрме өз балалық шағының атмосферасына бойлап, өткен жылдардағы сүйікті ойыншықтарын еске түсіруге мүмкіндік береді. Ал музейдің жас қонақтары ата-аналарының, әжелері мен аталарының өмірінің ажырамас бөлігі болған заттарды өз көзімен көрудин сирек мүмкіндігіне ие болады. Тарихты зерттеушілер үшін бұл экспонаттар әртүрлі ұрпақ балаларының тұрмысы, мәдениеті мен тәрбиесінің ерекшеліктерін көрсететін өз дәуірінің құнды айғақтары болып табылады.

         Ойыншықтар музейге әртүрлі дереккөздерден келіп түскен және олар әртүрлі күйде сақталған: кейбір экспонаттар бүгінгі күнге дейін мінсіз күйінде жетсе, басқаларында уақыттың айқын іздері байқалады. Дегенмен, әрбір ойыншық өз тарихын сақтап, келушілердің шынайы қызығушылығын тудырады және ешкімді бейжай қалдырмайды.

Поделиться материалом