Жарияланды: 03.04.2026

0

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Аспанға арналған ғұмыр» атты дәріс ұйымдастырды. Іс-шара авиация генерал-лейтенанты, КСРО-ның еңбек сіңірген әскери ұшқышы Николай Прокопьевич Гвозденконың туғанына 95 жыл толуына арналды.

Іс-шара барысында оқушылар Таранов ауданында дүниеге келген көрнекті ұшқыштың өмір жолы және кәсіби қызметімен танысты. Оның балалық шағы соғыстың ауыр жылдарымен тұспа-тұс келіп, кейін ол өз өмірін авиация саласымен байланыстырғаны, Ташкент ұшқыштар училищесін тәмамдап, әскери қызметке кіріскені туралы айтылды.

Оқушыларға оның авиациядағы қызметі, сынақшы-ұшқыш ретіндегі еңбегі, реактивті ұшақтарды сынауға қатысуы және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесіндегі басшылық қызметі туралы мәлімет берілді. Жоғары кәсібилігі мен мемлекет алдындағы еңбегі үшін оған КСРО-ның еңбек сіңірген әскери ұшқышы атағы берілген. Оның өмір жолы – батылдықтың, төзімділіктің және өз ісіне адалдықтың жарқын үлгісі.

Дәріс оқушыларға атақты жерлесіміздің өмірі мен қызметі туралы кеңінен мәлімет алуға, сондай-ақ әскери авиация мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің дамуы жайында түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Поделиться материалом