Наурызнама онкүндігі аясында ағымдағы жылдың 18 наурызы күні Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Тарихтың алтын желісі» атты, қазақтың ұлттық киімінің тарихына арналған заттық көрме ұйымдастырды. Көрмеде музей қорынан алынған 30-ға жуық экспонат ұсынылды.
Көрмеде қазақтың дәстүрлі киім үлгілері: шапандар, камзолдар, кимешектер және басқа да бұйымдар қойылып, олар халықтың бай мәдениетін, эстетикалық ерекшеліктерін және тарихи дамуын көрсетті.
Көрме ұлттық киімнің халықтың мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретіндегі мәнін ашады.