Жарияланды: 10.02.2026

0

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Е. Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің қабырғасында Бейімбет Майлин ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай “Өткен және қазіргі беттер” атты фотоқұжаттық көрме ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты ауданға келушілер мен қонақтарды ауданның тарихи өткенімен және қазіргі жағдайымен таныстыру. Ол ауданның қалыптасу кезеңдеріне және өлке тарихында із қалдырған жерлестеріне арналған. Көрмеде сондай-ақ ауданның бірінші басшыларының, совхоз директорларының, Социалистік Еңбек Геро, түрлі қызмет салаларында ерекшеленген және Бейімбет Майлин ауданының дамуына үлес қосқан атақты тұлғалардың материалдары көрсетіледі.

Көрме Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде жыл бойы жұмыс істейді. Аудан тарихымен танысқысы келетіндердің барлығын музейге шақырамыз.

Поделиться материалом