Ағымдағы жылдың 5 қарашасында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне орай «Теңге – Тәуелсіздік нышаны» көрмесін ұйымдастырды.
Музейдің қор коллекцияларынан дайындалған көрме аясында әр жылдары шығарылған Қазақстан Республикасының валютасы мен монеталарының көшірмелері мен түпнұсқалары, сондай-ақ ақша белгілерінің заманауи үлгілері ұсынылған.
Көрмемен танысу барысында елдің ақша бірліктерін жалпыұлттық айналымға енгізу тарихы туралы көптеген жаңа және қызықты ақпаратты білуге және оның жылдар бойы қалай өзгергенін көруге болады.