Жарияланды: 02.10.2025

0

2 қазан күні Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде жасөспірімдер мен жастарға арналған «Құқықтар мен міндеттер – шешім іздеуде» атты іскерлік ойын өтті. Іс-шараның мақсаты – ойын түрінде жұмыс жүргізу арқылы құқықтар мен міндеттер туралы білімдерін кеңейту және нақтылау болды.

Ойын барысында қатысушылар топтарға бөлініп, ұсынылған тапсырмаларды белсенді орындады. Еркін әрі қызықты жағдайда олар құқықтар мен міндеттерді ажыратуды үйреніп, шығармашылық қабілеттерін және ұжымда жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.

Шара әсерлі әрі танымды түрде өтті. Қатысушылар тапсырмаларға белсене араласып, сұрақтарды қызығушылықпен талқылады, өз білімдерімен және әсерлерімен бөлісті. Мұндай кездесулер жастардың өз құқықтары мен міндеттерін жақсырақ түсінуіне, құқықтық сауаттылық пен қоғамға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.

Поделиться материалом