Жарияланды: 04.09.2025

0

Биылғы 4 қыркүйекте тарихи-өлкетану музейінде мәдениет қызметкерлері үшін “Киелі Қазақстан: Отанымыздың қасиетті орындары”атты танымдық бейнекруиз ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты Қостанай облысының тарихи ескерткіштері мен қасиетті орындарын дәріптеу болды. Бұл орындарды қазақстандық ғалымдар далалық және этнографиялық экспедициялар барысында анықтап, киелі орындардың республикалық тізіліміне енгізді.

Қатысушыларға бейнекруиз-презентация көрсетілді, оның барысында “Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы” жобасы ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызды құрамдас бөлігі екендігі егжей – тегжейлі түсіндірілді. Сондай-ақ оларға республикалық тізілімге енген 34 қасиетті нысан және өңірлік тізімдегі 24 нысан туралы айтылды.

Іс-шара соңында қасиетті орындар туралы өз әсерлерімен және білімдерімен қуана бөліскен қонақтармен диалог өтті.

 

Поделиться материалом