Ағымдағы жылдың 8 тамызында ауыл және мәдениет ұйымдарының қызметкерлері үшін қазақтың ұлы ақыны, философ – гуманист және композитор Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай “Абайдың даналығы-ғасырлар бойы жол” атты іс-шара өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты-ойшылдың шығармашылығы арқылы ұлттық, адамгершілік, рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ Абайдың жан-жақты тұлғасын көрсету және ашу.
Іс-шара барысында Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын көрсететін презентация ұсынылып, оның “қара сөздерінен”үзінділер оқылды. Кездесуге шақырылған Е. Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің қызметкері А.Жарылқасынов Абайдың даналығын қатысушыларға “Тор жорға”атты күй арқылы жеткізуге тырысты. Бұл іс-шара Абай Құнанбаевтың рухы мен шығармашылығын құрметтеуге арналған, ол ауылдың мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналды және ұзақ уақыт жадында қалатын сөссіз.