Жарияланды: 09.04.2025

0

Ганоченко Андрей Гордеевич 1917 жылы 10 наурызда Таран ауданы Николаевка ауылында дүниеге келген. 1943 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Ол 183-ші атқыштар полкінде соғысып, жарақат алды. 1945 жылы демобилизацияланған. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін” медальдарымен, мерейтойлық медальдармен, “еңбек ардагері”медалімен марапатталған. Соғыстан кейінгі жылдары дайындаушы болып жұмыс істеді. 1988 жылы 7 мамырда қайтыс болып,  Бұрынғы Таран  (қазіргі Әйет)ауылында жерленген.

Поделиться материалом