25 ақпан күні Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі қабырғасында Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары үшін “Құқық не дейді” тақырыбында танымдық сағат өтті.
Іс-шара өскелең ұрпақтың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқықтар мен міндеттер туралы білімді кеңейтуге, сондай-ақ құқықтық сана деңгейін арттыруға бағытталған.
Танымдық сағат барысында оқушыларға олардың құқықтары, сондай-ақ әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы айтылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу балаларға заңнама мәселелерінде жақсы бағдарлануға және күнделікті өмірде өз құқықтарын қорғауға көмектеседі.