Жарияланды: 14.02.2025

0

14 ақпанда тарихи-өлкетану музейде қызметкерлері Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушыларына Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне арналған “Соғыс тарихы және еске алу” тақырыбында тақырыптық экскурсия өткізіп, интернационалист-жауынгерлерге арналған экспозицияға ерекше назар аударды.
Экскурсия барысында балалар сол кездегі оқиғаға арналған материалдармен, фотосуреттермен, құжаттармен, ауғандықтардың Ауғанстандағы қызметі мен соғыс қимылдары туралы баяндайтын жеке заттарымен танысты.
Экскурсия оқушыларға отансүйгіштік пен өз жерлестеріне деген мақтаныш сезімін ояту, сондай-ақ бір-біріне деген толерантты қатынасты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Поделиться материалом