31 Қаңтарда тарихи–өлкетану музейінің қызметкерлері Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушыларына арналған “Абай мұрасы – асыл қазына“ атты танымдық сағат өткізді . Биыл 10 тамызда қазақтың ұлы ақыны, философы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толады. Іс-шараның мақсаты оқушыларды қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру болды. Кездесу барысында оның дана сөздері оқылып, соңында викторина өтті, онда оқушылар ақынның өмірбаяны мен шығармалары туралы білімдерін көрсетті.
Leave a Reply