“Объективтегі тарих”онлайн-форматындағы көрме жобасы аясында, “Адам еңбегімен даңқты” еңбек сіңірген мұғалім Горбань Н. Ф. 85 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды.
Горбань Николай Федорович 1940 жылы 1 қаңтарда Таран ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Білім алып, Қостанай педагогикалық институтына, одан әрі Свердлов институтына математика мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түсті. Еңбек жолын 1959 жылы Киров жеті жылдық мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1964-1966 жылдары Приозерный орта мектебінде мұғалім, кейін директор болып жұмыс істеді. 1980 жылы Таран аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, одан әрі Таран аудандық партия комитетінің партия комиссиясының төрағасы болып жұмыс істеді. 1996 жылдан Таран ауданы басшысы Әкімшілігінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. Аудандық білім бөліміне 2000 жылы ауысты.
Жұмыс істеген жылдары Таран ауданының депутаты болып сайланды, жұмыс бақылауы инспекциясының мүшесі болды. “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл”, “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл”наградалары бар. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өміріне белсенді қатысқаны үшін “Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері” медалімен және “ҰБТ”белгісімен марапатталған.