Ағымдағы жылдың 5 шілде күні Астана күні мерекесі қарсаңында тарихи-өлкетану музейінде «Станицадан астанаға дейін» танымдық сағаты өтті. Іс-шараға С.Ерғалиев атындағы ЖББМ балалар сауықтыру алаңының оқушылары қатысты. Іс-шара барысында музей қызметкерлері Астана қаласының пайда болу тарихымен танысып, Power Point-та Отанымыздың бас қаласының ең әдемі және маңызды жерлерін көрсетті. Одан әрі іс-шара ойын түрінде өтті: балалар зияткерлік ойында жарысты, сұрақтарға жауап берді, сөзжұмбақ шешті, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы әңгімеледі. Іс-шара логикалық және танымдық ойындармен аяқталды.
Leave a Reply