20 маусым күні Ұлттық Домбыра күніне арналған «Күй шеруі» акциясы өтті. Ауданның 100 домбырашыдан құралған өнерпаздары орталық алаңда 7 күй орындап, концерт берді. Акцияға орай музей қызметкерлері орталық алаңда киіз үйде «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» атты көрме ұйымдастырды. Шілде айының бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні. 2018 жылдың 13 маусымында қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында шілденің бірінші жексенбісін Ұлттық домбыра күні ретінде белгілеу туралы Жарлығы жарық көрді. Ұлттық құндылығымыздың бірі болған қасиетті қара домбыра көнеден қалған асыл мұрамыз, көзіміздің қарашығы әрі ұлттық кодымыздың айнымас бөлігі.
Leave a Reply