08.09.2024 08:32

Жарияланды: 18.05.2024

0

Халықаралық музей күнін мерекелеу аясында қызметкерлер Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қостанай меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты Вадим Быковтың «Мен Сіз графикаға» сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Ұсынылған картина қатарында: «Жетім», «Түлкі», «Үкі», «Сұр шың», «Аргус», «Аракс», «Соғыс балалары», «Валентинаның портреті», «Автопортрет» картиналары бар.

Сондай-ақ музей қорынан «Бір экспонаттың тарихы» атты бірқатар экспонаттар қойылған көрмеде: сойыл, теркеш, «Қазақ батыры» сәндік кәдесыйы, «Теңіз жағасындағы Қыз мұнарасы» картинасы, Әзірбайжан Республикасының музыкалық аспаптары мен картасы бейнеленген шыны астындағы сурет түріндегі кәдесый  көрсетілген.

Халықаралық музейлер күнінің кешкі бағдарламасына қатысушылар әр картинаның тарихымен және экспонаттармен егжей-тегжейлі таныса алды.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 3200
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 3200
Барлық келушілер – 0