Жарияланды: 16.03.2024

0

«Қазақтың киіз үйі – көшпенділер мекені» «Қайнар» өлкетану клубы аясындағы шеберлік сыныбының атрибуты ретінде киіз үй кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені көп ұзамай еліміз көптен күткен көктем мерекесі, Наурыз мерейтойын тойлайды. Киіз үй наурыздың негізгі символдарының бірі.

Жұмыс барысында «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің балалар көркемсурет мектебі»  КММ мүсін мұғалімі Назарова А.Ю.  дайындық тобының балаларына қазақ үйлерінің прототипі қарабайыр адамдардың, кейін көшпелілердің шатырлары болғанын айтты. Ал бүгінге белгілі киіз үйлер шамамен мың жыл бұрын пайда болған.

Сондай-ақ, балалар ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне қазақтың күйлерін домбырамен орындау өнері, қазақ және қырғыз киіз үйлерін жасау шеберлігі кіретінін де білді. Материалдық емес мәдени мұра тізіміне Қазақстаннан номинациялар алғаш рет еніп отыр.

Үйірме мүшелері өз білімдерін ортаға салды. Киіз үйді құрастыру барысында жігіттер оның неден жасалғанын, оны құрайтын элементтердің атауларын айтып берді. Үйдің шыңы, отбасы берекесі, татулық пен тыныштықтың символы болып табылатын шаңыраққа ерекше көңіл бөлінді.

Нағыз киіз үйді құрастыру процесі әдетте бір сағатты алады, бірақ біздің киіз үйді ауа пластилинінен құрастыру балларға біраз уақытты алды, бірақ нәтижесі соған тұрарлықтай болды! Киіз үй үлкен, жеңіл, әдемі болып шықты.

 

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 1567
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 1567
Барлық келушілер – 0