Жарияланды: 19.02.2024

0

Академик Қ.И. Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай ағымдағы жылдың 19 ақпанында С. Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары үшін музей қабырғасында “Қазақ жерінің ұлы ғалымы” фотоқұжаттық көрмесінің ашылуы өтті.

Көрме барысында балалар академик Қ.И. Сәтбаевтың – көрнекті геолог, ғалым және ғылымның ірі ұйымдастырушысы, Республикалық геологиялық қызметтің және Қазақ КСР Ғылым Академиясының негізін қалаушы, Үлкен Жезқазған мен оның есімімен аталатын геологиялық ғылымдар институтының негізін қалаушы өмірімен және еңбек қызметімен танысты.

Қаныш Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде Теңдік ауылының маңындағы Айрықта дүниеге келген. Ғалым өзінің артында бай ғылыми мұра қалдырды. Жезқазған кенішін зерттеу, Сарыарқаның металлогендік және болжамды карталары бойынша жұмыстар ерекше маңызға ие. Ол Қарағандыда металлургия зауытының құрылысына, Қостанай, Алтай темір-марганец, Қаратау фосфорит кен орындарын және басқа да көптеген ірі объектілерді игеруге тікелей қатысты. Қаныш Сәтбаев бірнеше рет Ленин орденімен марапатталды, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты болды.

​Бүгінгі таңда көрнекті ғалым, ғылым мен практиканы ұйымдастырушы, сүйкімді адам және жанашыр тәлімгер, өз халқының шынайы патриоты Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі: Қарағанды облысындағы қала, оның есімі минерал, гүлдер, мұздық және тау шыңы, Қазақстанның көшелері, кәсіпорындары мен мекемелері атауларында мәңгі сақталған, сондай-ақ Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлық пен стипендия тағайындалған.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 24330
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 24330
Барлық келушілер – 0