18.05.2024 23:26

Жарияланды: 10.11.2023

0

10 қараша күні А.Имановтың 150 жылдығына орай музей қызметкерлері «Халық бостандығын қорғаушы» фотоқұжаттық көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге фотосуреттер мен архив құжаттары, шежіре кітабының беттері, күнделік беттері, Торғайдағы военкомат пен А.Имановтың пәтері орналасқан үйдің фотосуреттері, ол оқыған медресе және алғашқы «Амангелді» фильмі ұсынылған. Амангелді Иманов 1873 жылы 3 сәуірде Қостанай облысы, қазіргі (оның құрметіне өзгертілген) Амангелді ауданының аумағында дүниеге келген. Революцияшыл, әскери қолбасшы – қазақ халқының патшалыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалысын ұйымдастырушы. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысқан. А.Иманов 1940 жылы Алакөлге жерленіп, Амангелді аудан орталығында қайта жерленген. Бейіт басына ескерткіш орнатылды. 1938 жылы режиссер М.Левиннің «Амангелді» фильмі түсірілді. 1947 жылы Алматыда батырдың қола ескерткіші – ат мүсіні орнатылды. Оның есімі Қостанай облысындағы ауданға берілді, Қазақстанның көптеген қалаларында ескерткіштер орнатылып, көшелер аталды.

 

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 31
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 31
Барлық келушілер – 0