19 қазан күні музей қабырғасында публицист құрметіне «Герольд Бельгер – бірегей аудармашы, жазушы, публицист» атты тақырыптық сағат өтті. С.Ерғалиев атындағы мектептің 7-8-сынып оқушылары оның өмірімен, артына қалдырған мұрасымен таныстырылды.Герольд Карлович Бельгер – қазақ аудармашысы, публицист және әдебиеттанушы. 19 кітаптың редакторы және құрастырушысы, 103 ұжымдық жинақтың бірлескен авторы. Этникалық неміс, бірақ бала кезінен Қазақстанда тұрған. Герольд Бельгерді әріптестері құрметпен Гера-аға деп атаған, өйткені ол неміс, орыс тілдерін ғана емес, қазақ тілін де жетік меңгерген жалғыз атақты қазақ немісі. Және олардың әрқайсысымен жұмыс істеді. Герольд Карлович 2015 жылы 7 ақпанда қайтыс болды. Осындай қызық, ұлы тұлғаларды танып, олардан тәлім алу жастар үшін өте маңызды. Өйткені, үштілділік тақырыбы қазіргі кезеңде өзекті. Қазіргі балалар көп тіл білуі керек.
Leave a Reply