08.09.2024 08:56

Жарияланды: 02.10.2023

0

Бейімбет Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Міржақып Дулатовқа арналған «Ұлт мақтанышы және көсемі» атты фотоқұжаттық көрме ұйымдастырды. Көрмеге Мыржақып Дулатовтың бірегей фотосуреттері мен құжаттары қойылған. Мыржақып Дулатов – XX ғасыр басындағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі, ақын, жазушы, қоғам қайраткері, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының рухани көсемдерінің бірі. Жалпыұлттық қозғалыс пен Алаш партиясын ұйымдастыруға белсене араласты, Алаш партиясының бағдарламасын жазды. 1928 жылы контрреволюциялық әрекет жасады деген айыппен тұтқындалып, 1930 жылы ату жазасына кесілді. Кейіннен өлім жазасы лагерьлерде 10 жылға ауыстырылды. Мыржақып Дулатов Соловецкий арнайы лагеріне жер аударылды. Мұнда ол 1935 жылы 5 қазанда қайтыс болды. 1988 жылдың қараша айында ғана Мыржақып Дулатов қайтыс болғаннан кейін ақталды. 1992 жылы Мыржақып Дулатовтың туған жерінде кесене тұрғызылып, қазақ халқының біртуар ұлының сүйегі Торғайда жасақталған экспедиция Карел АКСР Сосновец стансасынан тасымалданып, құрметпен қайта жерленді.

Фотодокументальная выставка «Ұлт мақтанышы және көсемі» посвященная Мыржакыпу Дулатову

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 4168
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 4168
Барлық келушілер – 0