08.09.2024 08:36

Жарияланды: 19.09.2023

0

18 қыркүйекте музей қызметкерлері Б. Майлин атындағы ЖББМ 7 сынып оқушыларына даланың ұлы Ұлы Дешті – Қыпшақ, мемлекеттің негізін қалаушы мәмлүктер Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толуына орай «Қазақтың мұрасы – Сұлтан Бейбарыс» атты дәріс өткізді.

Іс-шараның мақсаты – Дешті Қыпшақ даласынан шыққан даңқты тұлғаның өмір жолы туралы әңгімелеу, көрнекті билеуші, мемлекет қайраткері, қолбасшы туралы жан-жақты түсінік беру;

Іс-шара барысында тарихи тұлғаға деген қызығушылықты арттыру, ерлікке, батылдыққа, табандылыққа, жанқиярлыққа еліктеу мақсатында Бейбарыс сұлтанның өмір жолы, қолбасшылықтың қабілеттері туралы айтылып, Қыпшақ даласынан шыққан сұлтанға арналған кітаптар, фильмдер, тарихи ғимараттар таныстырылды. Балалар «Сұлтан Бейбарыс» фильмін тамашалады. Тақырыптық көрме ұйымдастырылып, оған шолу жасалды.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 3264
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 3264
Барлық келушілер – 0