Жарияланды: 03.02.2023

0

Бахрит әулетінің Египет пен Сирия билеушісі-Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толуына орай тарихи-өлкетану музейімен  «Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі» атты фотоқұжаттық көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Сұлтан Бейбарыс билігінің өмірі мен тарихын баяндайтын фотосуреттер кешені, сұлтан мен оның ұлының мәрмәр қабірінің суреті, Атырау қаласындағы сұлтанға ескерткіш, сұлтан мешітінің реконструкциялық жұмыстары, сондай-ақ Сұлтан Бейбарыс туралы фильмнің кадрлары ұсынылған.

Сұлтан Бейбарыс-Мамлюк мемлекетінің төртінші сұлтаны, қыпшақ, ол Мысырды бұрын-соңды болмаған гүлденуге жетелеген: ол мешіттер, верфтер салды, оның жанында қолөнер, егіншілік, ғылым, сауда, өнер дамыды, моңғолдар мен крестшілердің үлкен шабуылын тежеп, күшті армия құрды. Ол мемлекет ішінде реформалар жүргізді, сол уақыт үшін ортағасырлық империялардың бірін құра алды.

Сұлтан Бейбарыс-шығыста және Еуропада танымал көрнекті тұлға. Ол тарихи әдебиетте ғана емес, көркем әдебиетте де танымал кейіпкерлердің бірі. Сұлтан Бейбарыстың қызметі Таяу Шығыс, Египет, Сирия, Иран және кейбір Еуропа мемлекеттерінің көптеген халықтарының тарихи жадында көрініс тапты. Бұл оның өте күшті және белсенді қызметімен байланысты болды, өйткені бір кездері ол Египет билеушісінің тағына отырды. Кейіннен Египеттің басында мамлюк әулеттерінен, түркі аймақтарынан шыққан адамдар болды.

Сұлтан Бейбарыс-1277 жылы қайтыс болып, Дамаскіде, Баб-әл-Барид зиратында жерленген.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 24783
Пайдаланушылар – 2
Қонақтар – 24781
Барлық келушілер – 0