20.04.2024 05:04

Жарияланды: 28.09.2022

0

28 қыркүйекте қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай, тарихи – өлкетану музейі жастар арасында жазушының басты шығармаларын насихаттау мақсатында Б. Майлин атындағы мектеп оқушылары үшін «М.Әуезов-прозашы, ақын, драматург» атты портрет кешін ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушыларға мұражай қызметкерлерінің шығармашылық мұраны зерттеу жөніндегі үлкен жұмысы туралы егжей-тегжейлі баяндалып, Қазақ КСР академигі Мұхтар Әуезов туралы, оның әдебиеттегі қызметі мен сіңірген еңбегі туралы фильм мен презентация көрсетілді. Оқушылар жазушының мұражай-үйінің экспозициясымен онлайн танысуға мүмкіндік алды. Мұхтар Әуезов көпұлтты Кеңес әдебиетінің дамуына баға жетпес үлес қосты. Алғашқы қазақ роман-эпопеясын жасаушы, драматург, орыс және еуропа классикасының аудармашысы, ғалым,педагог-ұлы жазушының сарқылмас әдеби мұрасы.
Сондай-ақ, Ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтың өмірі туралы Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясына кеңес әдебиетінің көрнекті туындылары туралы айтылды.                                                   

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 777
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 777
Барлық келушілер – 0