Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде ЖББМ оқушылары үшін Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қабырғасында “Киелі жерлердің мәдени-географиялық белдеуі – болашаққа жол” атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Оқушылар Қостанай облысының айтулы, киелі жерлері, белгілі батыр Жабағының жерленген жері туралы біліп, оның өшпес ерлігінің аңызымен және аңыздарымен танысты. Қостанай облысының аумағында мыңнан астам тарихи-мәдени мұра объектілері орналасқан. “Қазақстанның киелі картасына” Қостанай облысының жалпыұлттық маңызы бар 10 нысаны енді. 28 ескерткіш пен тарихи орындар өңірлік маңызы бар киелі нысандар тізіміне енгізілген.
Leave a Reply