08.09.2024 10:21

Жарияланды: 22.08.2022

0

17 тамызда Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері қазақ күресінен, дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шебері, Мейманбек Тулеповке арналған «Спорт – қозғалыс, күш, сұлулық» атты фотоқұжаттық көрме ұйымдастырды.

Тулепов Мейманбек 1955 жылы 19 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Жуван-Төбе ауылында дүниеге келген. 1963-1973 жылдары атындағы орта мектепте оқыды. 1978 жылы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының дене шынықтыру факультетіне, самбо күресі мамандығына оқуға түсті. Мейманбек Абдикадирович өзінің еңбек жолын Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, № 116 Тобыл орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастады. Бейімбет Майлин ауданына келген жылдары М.А. Тулепов ол өзін талапшыл, шебер жаттықтырушы, керемет ұйымдастырушы, өз ісін білетін шебер ретінде көрсетті. Мейманбек Абдукадировичке үлкен тәжірибесі мен еңбекқорлығы атақты спортшылардың саңлақтарын тәрбиелеуге мүмкіндік берді. Оның тәрбиеленушілері, Макаренко Сергей самбодан Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы, Кулик Юрий самбодан Қазақстан Республикасының чемпионы, Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі. 2014 жылы Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кентінде өткен «Қазақ күресі» Республикалық сайысында үшінші орынға ие болды.

Мейманбек Абдукадирович самбодан Қазақстан Республикасының спорт шебері, самбодан халықаралық дәрежедегі төреші, самбодан спорт шеберлері арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Тулепов М.А. жоғары наградалары мен атақтары бар:

Қазақ күресінен «Қазақстан Республикасының спорт шебері»;

Самбо күресінен «Халықаралық дәрежедегі төреші»;

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы» медалі;

Тулепов М.А. «Қазақ күресі, самбо және дзюдо күресінен объективті төрешілігі және бапкерлік қызметі үшін”грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Мейманбек Абдукадирович жасына қарамастан, спорт жастарын тәрбиелеуге бар күші мен уақытын жұмсайды, белсенді азаматтық ұстанымға ие.

Музей қызметкерлері барлығын көрмемен танысуға шақырады.

 

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 5416
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 5416
Барлық келушілер – 0