Жыл сайын 15 ақпан күні достастық лагерлерінің тұрғындарына ерекше күн– Ауғанстаннан әскерлердің шығарылған күнін атап өтеді. Дәл осы датаға орай, 15 ақпан күні Бейімбет Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Сапар Ерғалиев атындағы жалпы орта мектебінің 5-6 сынып оқушыларына арнайы . жауынгер-интернационалистерге арналған экспозицияға назар аударып «Ауған соғысы жолдары» атты тақырыптық экскурсия өткізді.
Экскурсия барысында балалар көрмеге қойылған заттармен, соның ішінде жауынгердің марш формасымен, жеке заттарымен танысты, сонымен қатар Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан жерлестерінің өмірбаяндарынан мағлұмат алды.
Іс-шара оқушылардың патриоттық сезімін оятып, жерлестеріне деген мақтаныш сезімін ояту, бір-біріне деген толерантты көзқарасты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылғанын қосамыз.
Leave a Reply